Грекияның Крит аралына жүздеген мигрант жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияның Крит аралына жүздеген мигрант жеткізілді

23.11.2022

Грекияның Крит аралына жүздеген мигрант жеткізілді. Шамамен 500-дей адам Италияға бара жатып, дауылға тап болған балықшылар қайығынан құтқарылды.

Босқындардың нақты қай елден Еуропаға аттанғаны белгісіз. Және де олардың ұлты да аталмай отыр.

Соңғы айларда Грекияға теңізбен барған мигранттар саны айтарлықтай көбейді. Қазір оларды Еуропа одағының өзге елдеріне таратып, орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр.


Хабарламаларға жазылу