Италияда мигранттар дағдарысы өршіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда мигранттар дағдарысы өршіп барады

25.09.2018

Италияда мигранттар дағдарысы өршіп келеді. Осыған байланысты үкімет босқындарға қарсы қатаң шаралар жасауға кірісті. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, жыл сайын мыңдаған босқын Жерорта теңізі арқылы Италияға жетіп отырады екен.

Енді үкімет мигранттарды депортациялау және олардан италиялық азаматтықты тартып алу жайында шара қолданбақ. Жаңа заң жобасы бойынша ауыр қылмыс жасаған, әйел зорлап немесе адамға шабуыл жасап жатса, ол бірден депортацияланады. Бұрын бұл апелляция тапсыру арқылы ғана мүмкін болған еді. 

Ішкі істер министрі Маттео Сальвинидің сөзінше, бұл Италияны қауіпсіз мемлекет жасаудағы басты қадам болып есептеледі. Дегенмен, бұл шара заң жобасы жүзінде қабылдануы тиіс. Сондай-ақ, есірткі сатуға қатысы бар мигрантқа уақытша баспана қамтамасыз ету тоқтатылады. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу