Петропавлда шорт-тректен ел чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда шорт-тректен ел чемпионаты басталды

14.09.2023

30 қыркүйекте Сауль «Канело» Альварес пен Джермелл Чарло арасындағы күздің басты жекпе-жегі өтеді. Лас-Вегаста болатын абсолютті әлем чемпиондарының айқасының андерКарДында екі қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Олар - Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұл. 

Петропавлда жасөспірімдер арасында шорт-тректен ел біріншілігі басталды. Мұндай жарыс теріскей топырағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 8 өңірден жиналған 120 спортшы сынға түседі. Жаттықтырушылардың айтуынша, жастар арасында спорттың бұл түріне қызығушылық артып келеді. Мемлекеттік қолдау да бар. Оған өңірлерде ашылып жатқан спорт нысандары дәлел. Сайыс 4 күн бойы жалғасады.

Азамат Әлиев, шорт-тректен ҚР Ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы:

Шорт-трек спортын дамытып жатқан өңірлер саны артуда. Мысалы, осы өңірде ашылғанына 6 жыл болды. Қазірдің өзінде балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлері бар.


Хабарламаларға жазылу