Мемлекет басшысы Абзал Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Абзал Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады

16.02.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абзал Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады. Ол Қысқы Олимпиада ойындарында шорт тректен 4-орын алған болатын. Президент: «Қазақстандықтар сенің «Бейжің-2022» 24-ші Олимпиада ойындарында көрсеткен өнеріңді асқан қызығушылықпен тамашалады. Олимпиаданың ашылу салтанатында Көк туды желбіретіп алып шықтың. Жанкүйерлеріңнің сенімін ақтап, шорт-тректен 500 метрге жүгіруде финалдық бәсекеге дейін жетіп, нәтижесінде 4-орын иелендің. Бұл осы спорт саласы бойынша жоғары көрсеткіш екені анық», - деп жазды. Қасым-Жомарт Тоқаев нағыз ерік-жігер көрсеткені және жеңіске деген ұмтылысы үшін спортшыға алғыс айтты. Сондай-ақ алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетіп, отандастарымызды қуанта беретініне сенім білдірді.  

Хабарламаларға жазылу