«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінен тағы бір команда шығып қалды. Жамбыл облысының шабандозы мінген тұлпар жарақат алып, ойынды жалғастыра алмайтын болды. Өзге екі қатысушы мәреге дейін баруға бел буған. Қалған 11 команда 850-шақырымды бағындырмақ. Астана қаласы, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай мен Жамбыл облысының шабандоздары 650 шақырымды жүріп өткен еді. Олар да Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды еңсеруге ниетті.
Төрешілер 6 атқа «Рекорд» деген атау беріп, арнайы 13-команда ретінде тіркеп, нәтижесін күнделікті белгілеп отыр. «Рекорд» командасының жігіттері діттеген мақсатына жетсе, келесі жылғы Жорыққа Гиннес рекордтар кітабының өкілдерін шақырту жоспарда бар. 1300 шақырымды аз уақытта бағындырған азаматтар мен қазанаттардың нәтижесі рекордтар кітабына бұрын соңды болмаған нәтиже ретінде енгізуге сұранып тұр. Алда 5 кезең, яғни, 450 шақырым қалды.
Асылбек Данияр