Елімізде ІТ өнімдерді экспорттау артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ІТ өнімдерді экспорттау артады

13.09.2023

Қазақстанға білікті ІТ мамандарды тарту үшін Digital Nomad Visa жобасы жүзеге асырылады. Ол Орталық Азия және Түркі мемлекеттерінің стартаптарын қолдауға бағытталған. Бұл туарлы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі айтты.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Бағдат Мусиннің айтуынша біз былтырдың өзінде 334 млн АҚШ долларының ІТ қызметін шетелге экспорттаппыз. Оның жартысыныа жуығы Елордада жұмыс істеп тұрған Астана ХАБ қатысушыларының өнімдері екен. Жалпы бұл Астана хаб жаңа стартаптарды жарыққа шығаруға және оны әлемдік нарыққа таныстыруға мүмкіндік беретін жақсы платформа ретінде өзін көрсетіп жатыр. Сондықтан Қазақстан аймақтағы ІТ саласындағы ірі ойыншылардың біріне айналып келе жатыр деді. Жалпы Қазақстанда ІТ саласында 16 мыңнан астам компания бар екен. Онды 180 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр.

Жалақылары да өте жылдам, қарқынды өсіп жатқан көрінеді. Шамамен 1 жылдың ішінде 100 мың теңгеге артты деді. Осылайша ІТ саласы қарқынды дамып жатыр. 2026 жылға дейін Президент қойған тапсырманы яғни, 26 жылға дейін 1 млрд доллардың ІТ өнімін шетелге экспорттау межесін орындауға толық мүмкіндік бар деді Бағдат Мусин. Алдағы шығарылымдарда толықтырып айтамын.


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу