Эстетикалық гимнастикадан Әлем чемпионаты өтеді
Қарашаның 24-і мен 26-сы аралығында эстетикалық топтық гимнастикадан бірнеше ірі халықаралық турнир өтеді. Атап айтсақ, Жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігі, Төрт құрлық чемпионаты мен «Almaty Cup» халықаралық турнирі ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық комммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Қазақстан топтық эстетикалық гимнастика федерациясы өкілінің сөзінше, жаһандық додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 1500-ге жуық спортшы келеді. Әртүрлі жас санаттарында, сондай-ақ аралас командалар арасында 50 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыстар Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасында 173 гимнаст ел намысын қорғайды.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12
Жыл бойы жұмыс істейтін тынығу лагері ашылды
16.05.2026, 20:10
Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Жарлыққа қол қойды
16.05.2026, 20:09
Ауыл балаларына арналған заманауи технологиялық орталық ашылды
16.05.2026, 20:08
LRT алғашқы жолаушыларын тасымалдады
16.05.2026, 20:08
Қызылордада 600 отбасы баспаналы болды
16.05.2026, 20:04
Қазақстан инвестицияны көбірек тартуға ниетті
16.05.2026, 20:03