Германияда көркем гимнастикадан Әлем чемпионаты жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда көркем гимнастикадан Әлем чемпионаты жалғасуда

12.09.2015
Германияда көркем гимнастикадан Әлем чемпионаты жалғасуда

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша тек Сабина Әшірбаева 24 үздік гимнасттың қатарына еніп жарысты жалғастырды. «В» Финалында кілемге шыққан отандасымыз доп, ұршық, таспа және шығыршықпен бағдарламаларын айна қатесіз орындап шығып, жалпы есепте 18-орынға тұрақты.

Ал, алғашқы 15 орынға жайғасқан қатысушы Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Енді Сабина Әшірбаеваға жолдаманы иелену үшін екінші мүмкіндік беріледі. Ол іріктеу жарысы келер жылы өтеді.

 

Индира БЕКТЕН

Хабарламаларға жазылу