ТМД өкілдері әскери медицина саласын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД өкілдері әскери медицина саласын талқылады

12.09.2023

Елдегі шекара қызметкерлеріне медициналық жәрдем көрсету үшін бөлімшелерді замануи жабдықтармен қамтамасыз ету керек.

Бұл жайында ТМД мемлекеттері шекаралық ведомстволарының әскери-медициналық құрылымдары бас қосқан жиында айтылды. Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан келген делегация бірқатар мәселені ортаға салды. Сондай-ақ облыс орталықтарынан шалғай орналасқан шекара қызметкерлері мен олардың отбасы үшін медициналық бөлімшелерді жаңалап, құрал-жабдықпен қамту жолдарын іздеді.

Махаббат Балтабаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі әскери медицина басқармасының бастығы:

Нанотехноголия дейді, телемедицина дейді, соны әскери медицина саласына енгізу керек. Әскери медицина саласын нығайту, одан кейін дәрежесін көтеріп, екі жылдың ішінде нығайту керек.


Әйгерім Ердәулет 

Хабарламаларға жазылу