Қытайда өтетін Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ден аса спортшы барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда өтетін Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ден аса спортшы барады

11.09.2023

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына биыл Қазақстаннан 500-ден аса спортшы барады. Олардың бәрі еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген. Спортшыларымыз 40 спорттың 33 түрінен сайысқа түседі.

Айта кетейік, қазақстандық жанкүйерлер спорттық сайыстарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен бірге қос арнаның ресми сайттары мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн трансляция жасалады.

Хабарламаларға жазылу