Жазғы Азия ойындарында қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазғы Азия ойындарында қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

14.09.2023

Қытайда өтетін XIX Жазғы Азия ойындарында қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Осыдан 9 жыл бұрын Оңтүстік Кореяда болған Азиядада 9,5 мың спортшы бақ сынаған. 2018 жылғы Индонезиядағы додаға 11 мыңнан аса атлет қатысты. Ал биылғы жарысқа 45 елден 15 мыңдай спортшы қатысады. Төрт жыл сайын болатын бәсеке спорттың 40 түрінен өтеді. Қазақстандық 500-ден аса спортшы ел намысын қорғайды. Азиада 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Нинбо, Ханчжоу, Вэньчжоу, Тунлу, Чуньа́нь және Синьхуа қалаларында өтеді.  


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу