Түркия президенті Қазақстанға келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия президенті Қазақстанға келеді

11.09.2023

Елімізге қараша айында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келеді. Бұл туралы Қазақстанға ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты. Кездесуде ведомство басшысы екі ел де болашақта инвестиция көлемін ұлғайтуға мүдделі екенін жеткізді. Қазірдің өзінде Қазақстанда Түркия капиталымен 4300 компания жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін Түркия Қазақстан экономикасына 4,7 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция құйып, ең ірі инвесторлардың ондығына кірді. Қазір 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оған қоса 50 жаңа жоба пысықталып жатыр.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:

Үстіміздегі жылдың 3 қарасына жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық 10-шы саммитіне Президент Режеп Тайип Ердоған мырзаның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық.

Бұл – серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы деп айта аламыз.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу