Батыс Қазақстандағы азық-түлік қалдықтары қайта өңделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстандағы азық-түлік қалдықтары қайта өңделеді

10.06.2022

Батыс Қазақстандағы кен игеруші кәсіпорындарда азық-түлік қалдығы қайта өңделіп, тыңайтқыш шығарылып жатыр. Бұл туралы Оралда өткен «Uralsk Green Forum» V Халықаралық экологиялық форумында айтылды. Шара аясында студенттерге арналған Eco-Talks ұйымдастырылды.

Оның мақсаты – жаңа буынға экологиялық мәдениетті насихаттау, экологиялық сауаттылыққа үндеу.

Нұрлан Қосанов, студент:
Мамандығым мұғалім. Алдағы уақытта оқушыларға экологиялық құндылықтарды дәріптеу мақсатында болашақ үшін осы нәрселерді білуіміз керек. Спикерлерді шараны өте жақсы ұйымдастырған, керемет деңгейде өтіп жатыр.

Басқосуда елімізде «жасыл» экономиканы құру бағытында жасалып жатқан іс-шаралар талқыланды. Облыс елдімекендері келер жылы 100% газбен қамтылады. Пластикалық қалдықтарды өңдейтін цех, метан құю бекеті ашылды. Биылдан бастап қураған ағаш пен жапырақ, асхана мен мейрамханалардан шығарылатын тағам қалдықтары да өңделеді.

Эльвира Жалғасова, кен игеруші кәсіпорын өкілі:
Біздің мақсатымыз – әр адамға көмірсутек газын, яғни зиянды қалдықты таратуды азайта алатынын жеткізу. Мысалы, көбіміз бір рет пайдаланатын пластикалық ыдыс сатып аламыз, көлік жүргіземіз, ойыншық сатып аламыз. Ал солардың орнына, мысалы, сулы майлық алмай шүберек орамал пайдалану, полиэтилен пакеттің орнына матадан жасалған дорба қолдану, пластикалық бөтелке алмай, көп рет қолданылатын құтылар алып жүруге дағдылану керек. Бұл да экологиялық мәдениет. Сонда қайта өңдеуге келмейтін қалдықтың 20% азайтуға үлес қосар едік.


Хабарламаларға жазылу