Президент: Көгілдір отыннан мәселе туындамауы керек
Көгілдір отыннан мәселе туындамауы керек. Ішкі нарықты көгілдір отынмен тұрақты түрде қамтамасыз етіп, жылыту маусымына уақтылы дайындау шарт. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» Ұлттық компаниясының төрағасы Санжар Жаркешовке осындай тапсырма жүктеді. Мемлекет басшысының қабылдауында болған компания төрағасы газ тапшылығы мәселесінің шешілуіне қатысты мәлімет берді. Айтуынша, табиғи газдың жетіспеуі болмайды. Тіпті «елді артығымен қамтамасыз етеміз», - дейді. Мемлекет басшысы газды үнемді тұтыну тұжырымдамасын енгізуге және баға белгілеу ісін реформалауға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Санжар Жаркешов, «Qazaqgaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:
Тауарлық газдың ресурстық базасын арттыру мәселесі бойынша газ өңдеу қуатын ұлғайту бойынша газ өңдеу жұмыстары атқарылып жатыр. Атап айтқанда, биыл жаңа «Аныбай» газ-кен орны іске қосылады және біз «Придорожный» газ-кен орнын игеру жобасын бастадық. Сондай-ақ, Президентке Бейнеу-Бозой-Шымкент екінші тармағы жобасының басталуын мәлімдедім. Бұл жоба газ саласында аса ірі мегажоба.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау облысындағы Құрманғазы бекетін жаңғырта бастады
09.09.2026, 13:21
Павлодарда қос азаматтықпен жүрген 27 адам анықталды
09.09.2026, 13:18
Отбасы үшін басты қолдау – баспана алуға көмек
09.09.2026, 13:15
Психологтардың мемлекеттік тізімі жасақталады
09.09.2026, 13:12
12 ел Израиль қоныстарына санкция салды
09.09.2026, 13:09
Иран мен АҚШ бірін-бірі тағы атқылады
09.09.2026, 13:06
Ұлттық қордан ірі жобаларға қаржы бөлінеді
09.09.2026, 13:03
Аймақтағы ең ірі қаржы форумы өтіп жатыр
09.09.2026, 13:00