Депозиттер көлемі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депозиттер көлемі артты

24.08.2022

Елімізде қаржысын банкке салып жинайтындар көбейген. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір депозит көлемі 27 триллион 700 миллиард теңге.  Жыл басынан бері 1,7 трлн теңгеге немесе 6,5 пайызға көбейіп отыр. Жинақтың басым бөлігі, яғни 17 триллионы теңгеде, қалғаны шетел валютасында сақтаулы.

Сарапшылар депозит көлемінің күрт өсуіне 10 пайыздық өтемақы төлеу туралы шешім әсер еткен дейді. Айтуларынша, көбі қаржысын алмай, төлемді күтіп жүр. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу