Кубада 17 адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кубада 17 адам тұтқындалды

08.09.2023

Кубада 17 адам тұтқындалды. Олар жас жігіттерді соғыс жүрып жатқан Украина жеріне аттандырумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері екен. Мұны осы елдің ішкі істер министрлігі мәлімдеп отыр. Ұсталғандардың кінәсі дәлелденсе, 30 жылға немесе өмір-бақи түрмеге қамалып, тіпті өлім жазасына кесілуі мүмкін. Ел үкіметі «Куба - жалдамалыларды пайдалануға аса қарсы тарихи ұстанымға ие мемлекет» екенін ескертіп отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу