Үндістанда ауруханадан өрт шығып, КВИ-ден емделіп жатқан 14 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда ауруханадан өрт шығып, КВИ-ден емделіп жатқан 14 адам қайтыс болды

23.04.2021

Үндістанда ауруханада өрт шығып, коронавирустан емделіп жатқан 14 адам қайтыс болды. Жалын ауа желдеткішінінен тұтанып, жансақтау бөлімін шарпыған. Науқастарға арналған оттегі баллондарының басым бөлігі жанып кетті. Елде онсыз да тыныс алу аппараттары тапшы. Індетке шалдыққандар саны болса, екінші күн қатарынан әлемдік рекордқа жетіп отыр. Бүгін 332 мыңнан астам адамнан ковид анықталып, 2200-ден астамы қайтыс болды. 

Ал Кубада ковидтің «оңтүстікафрикалық» штаммы өршіп барады. Өткен күні 1200-ден астам науқас тіркеліп, елдегі ең жоғары көрсетішке жетті. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу