Лаңкестер Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жарып жібермек болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лаңкестер Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жарып жібермек болды

08.09.2023

Лаңкестер Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жарып жібермек болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. Қылмыскерлер жарылғыш затты қолдан жасаған. Олар дайындық кезінде анықталды. Жалпы күш құрылымдары мен ішкі істер органдары 300-ден астам терроризмге қарсы операция өткізген. 1 600 террорист пен олардың сыбайластары ұсталды. Билікке қарсылық көрсеткен 60-қа жуық қылмыскердің көзі жойылған.

Руслан Сейсембаев, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары:

Қазақстанда да жоғары террорлық қауіп сақталып тұр. Жыл сайын елімізде кемінде екі лаңкестік әрекеттің алды алынады. Түркістан облысындағы деректен бөлек, Астана қаласында да адам көп жиналатын жерге қарулы шабуыл жасамақ болғандар ұсталды.


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу