Түркияда «Әл-Қаидамен» байланысы бар 18 адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда «Әл-Қаидамен» байланысы бар 18 адам тұтқындалды

11.11.2015
Түркияда  «Әл-Қаидамен» байланысы бар 18 адам тұтқындалды
Түрік полициясы арнайы операция барысында 18 содырды қолға түсірді.

Олар адамдарды «Әль-Каидамен» баланысы бар «ан-Нусра» тобына тартумен айналысқан. Рейд Түркияда қарашаның 15-16 күндері өтетін «Үлкен жиырмалық» саммиті қарсаңында жүргізді.

Құзырлы органдардың мәліметінше, тұтқындалғандар бұған дейін Сириядағы соғысқа қатысқан. «Әл-Каида» және «Фронт ан-Нусра» - бірқатар елдерде, сондай-ақ, Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу