Елдегі банктерге қосымша салық салыну мүмкін
Елдегі банктерге қосымша салық салыну мүмкін. Ұлттық арнадағы «Бас тақырып» бағдарламасына сұқбат берген Сенат спикері Мәулен Әшімбаев осылай дейді. Өйткені банктер кәсіпкерлерді несиелеуден гөрі қаржыларын құнды қағаздар сатып алуға көбірек жұмсап жатқанын айтады. «Бұл олар үшін тиімді әрі пайызы жоғары», - дейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында аталған үрдісті өзгерту керегін тапсырған еді. Сенат Төрағасы енді банктерге тауып жатқан пайдасына салық салу мәселесі қарастырылады деді. Осыған сай тиісті заңдарға өзгерістер енгізілмек.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Тұтынушылық кредиттерге бүкіл қаржысының 34 пайызын берген. Шағын және орта бизнеске 25 пайыздың көлемінде ғана қаражаттарын беріп отыр. Бұл не деген сөз? Банклерге кәсіпкерлерден гөрі адамдардың смартфон сатып алуына, тұтынушылық заттарын сатып алуға несие беру жеңілдеу, тиімді, пайызы да көп. Тәуекелдері де аздау.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау облысындағы Құрманғазы бекетін жаңғырта бастады
09.09.2026, 13:21
Павлодарда қос азаматтықпен жүрген 27 адам анықталды
09.09.2026, 13:18
Отбасы үшін басты қолдау – баспана алуға көмек
09.09.2026, 13:15
Психологтардың мемлекеттік тізімі жасақталады
09.09.2026, 13:12
12 ел Израиль қоныстарына санкция салды
09.09.2026, 13:09
Иран мен АҚШ бірін-бірі тағы атқылады
09.09.2026, 13:06
Ұлттық қордан ірі жобаларға қаржы бөлінеді
09.09.2026, 13:03
Аймақтағы ең ірі қаржы форумы өтіп жатыр
09.09.2026, 13:00