Алматының 8 мыңнан астам оқушысын тегін автобус тасиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының 8 мыңнан астам оқушысын тегін автобус тасиды

07.09.2023

Алматының 8 мыңнан астам оқушысын тегін автобус тасиды. Қалалық әкімдік қыркүйектің 1-нен бастап іске қосылған жобамен таныстырды.

Қазір бұл мүмкіндікті қаладағы 215 мектептің отызы пайдаланып отыр. Ең алдымен автобустар бастауыш сынып оқушылары мен қаланың іргесіндегі елдімекенде тұратын балаларға қарастырылған. Мәселен, бір ғана «Абай» саяжайынан 241 оқушы осы автобуспен мектепке қатынайды. Білім басқармасының мәліметінше, автобустардың бағыты ата-аналардың сұранысы бойынша жасалған. Десе де, оқу жылы басталысымен «тегін автобус керек»деген өтініш күрт көбейіпті.

Ләззат Жылқыбаева, қалалық Білім басқармасының басшысы:

Бұл жобаның ұйымдастыру жұмысын бастаған кезде мүмкін сенімсіздік болды ма, алаңдатушылық болды ма, шамамен 7 мыңнан астам бала қызығушылық танытқан болатын. Бірақ 1 қыркүйек жақындағаннан кейін бұл санның артып отырғанын көріп отырмыз. Бүгінгі таңда 8258 бала. Қазір қала бойынша 12 500-ден астам қажеттілік бар екенін көріп отырмыз. Сондықтан келесі 24 жылға тағы да 50 автобус қосуды жоспарлап отырмыз.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу