Қызылорда облысында күрішке орақ түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында күрішке орақ түсті

06.09.2023

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында күріштікке алғашқы орақ түсіп, диқандар күзгі жиын-терім науқанын бастады. Мамандар биыл су тапшылығына қарамастан егіннің шығымы жақсы деп отыр.

Ала жаздай Сыр салысын баптаған диқандардың еңбегі еш кеткен жоқ. Алқаптар жайқалып өсіп тұр. Мысалға «Төңкеріс» шаруашылығы биыл 1050 гектар жерге күріш еккен. Заманауи комбайндар бүгінде әр гектардан 50-55 центнерден өнім жинап, қамбаға құюда. Жалпы облыс бойынша 89 мың гектар күріш алқабы бар. Сала мамандары күріш шығымы жылдағы межелі жоспардан кем болмайды деген болжам айтуда.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу