Қызылорда өңірінде күрішке орақ түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда өңірінде күрішке орақ түсті

28.08.2015
Қызылорда өңірінде күрішке орақ түсті

«Сыр маржаны биыл бітік шықты. Соған сәйкес, мол өнім алуды межелеп отырмыз», -дейді диқандар.

Шиелі ауданы бойынша биыл 26 600 гектар жерге егін егілсе, соның 10 мың гектары –күріш. Бір айда қамба қызылға толмақ.

Орақ науқанына кірісіп кеткен Сыр диқандары  берекеге толы алтын күзді  ел ырыздығын молайтып жемісті аяқтауды мақсат етуде.

 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу