Қытайдың оңтүстік-шығысына тайфун соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың оңтүстік-шығысына тайфун соқты

05.09.2023

Бүгін Қытайдың оңтүстік-шығысына «Хайкуй» тайфуны соққы берді. Одан Фуцзянь провинциясының бірнеше ауданында тасқын жүріп, талай көлікті су шайып кеткен.

Қаза тапқандар туралы мәлімет түскен жоқ. Дегенмен, 114 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Синоптиктердің айтуынша, кеше күші әлсірей бастаған тайфун бүгін тропикалық дауылға айналды. Қазір ол Гуандунь провинциясының үстімен оңтүстікке қарай беттеп барады.

Хабарламаларға жазылу