Вашингтонда «Орта Азия дүнгендері» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтонда «Орта Азия дүнгендері» халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

25.01.2023

АҚШ астанасы Вашингтонда «Орта Азия дүнгендері» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылған шарада Америка жұртшылығына дүнген халқының ұлттық киімі, қолөнері және тағамдары таныстырылды. Сондай-ақ жас қылқалам шебері Абдусамат Каримовтың жеке көрмесі де өтті. Тарихи деректер бойынша, 1870 жылдары Қытайдың Цин империясына қарсы көтерілісте жеңіліске ұшыраған дүнгендер Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Қырғызстанның солтүстік-шығысына қоныс аударады. Қазір Қытайда 10 миллион дүнген бар. Мамандардың айтуынша, көп жерде олардың ұлттық ерекшелігі мен салт-дәстүрін дамыту өзекті мәселе болып тұр. Ал, Қазақстандағы 80 мыңнан аса дүнген өзіндік мәдениеті мен бірегей болмысын сақтап отыр.

Римма Массырова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор:

Қытайдың дүнгендері бізге келгенде таң қалады. 145 жыл бұрын кетсеңіздер де салт-дәстүрлеріңіз бен мәдениетіңізді сақтап отырсыз деп айтады. Бұл Қазақтанның саясатының арқасында.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу