Қытайдың Гуйян қаласында сұрапыл дауыл соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Гуйян қаласында сұрапыл дауыл соқты

14.03.2018

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясының астанасы Гуйян қаласында ауа райы тосын мінез танытты. Мұнда сұрапыл дауыл соғып, күн күркіреп, бұршақ аралас жаңбыр жауған. Соның салдарынан көшелерді су мен мұз басып, көлік қатынасы қиындады. Кейбір жолдар мүлдем жабылған.

Жағдайды қалпына келтіру үшін жол полициясы, коммуналдық қызмет мамандары мен арнайы техника тартылды.

Кешкі сағат сегіздерде басталған құйын түн ортасында басылып, көп ұзамай қала көшелері тазартылды.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу