Оңтүстік Кореяда 20 мың үй жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда 20 мың үй жарықсыз қалды

06.09.2022

Оңтүстік Кореяда «Хиннамнор» атты алапат тайфун болды. Жауындатып соққан дауылдан су тасып, жолдар бұзылып, ағаштар құлап, электр желілері үзіліп, 20 мың үй жарықсыз қалды. Сонымен қатар 600-дей мектеп жабылып, 250 әуе рейсі тоқтап, 66 мың балықшы жағаға оралып, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірлді. Тайфун бүгін таңертең түскейдегі курорттық Чеджу аралы мен материктік Пусан порты маңындағы елді мекендерді жайпады. Сағатына 144 шақырым жылдамдықпен соққан жел қазір Қытайдың шығысына қарай беттеп барады.


Хабарламаларға жазылу