Әлемде мұнай бағасы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай бағасы өсті

05.09.2023

Әлемде мұнай бағасы өсті. Brent маркалы қара алтынның бір баррелі нарықта 89 доллардан саудаланып жатыр. Мұнай құны қаңтар айынан бері көтерілмеген еді. Әлемдік сарапшылар қара алтын қорының азаюына байланысты келесі жылы да баға өсіп, кемі 90 доллардан сатылады деп болжайды.

Ал қор биржасында доллар нығая түсті. Қазір АҚШ валютасы – 460 теңге, еуро – 495 теңге, ал рубль – 4 теңге 7 тиын.

Хабарламаларға жазылу