Қазақстандықтардың зейнетақы қорынан 3 трлн теңге шешіп алынған
Қазақстандықтар баспана алу үшін зейнетақы қорынан 3 трлн теңге шешіп алған. Бұл туралы Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеді. Осылайша, 2 жарым жыл ішінде 1 млн 400 мың адам тұрғын үй жағдайын жақсартып алыпты.
Ең көп өтініш 2021 жылы, яғни зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілген жылы түскен. Қазақстандықтар сол уақытта қордағы 2 трлн 400 млрд теңгесін шешіп үлгеріпті. Емделу мақсатында қаражат сұратқандар да бар. Осы күнге дейін 440 мың салымшының өтініші мақұлданып, жинақтағы 366 млрд теңге пайдалануға берілген. Қордағы қаражатын жұмсап үлгергендердің дені – алматылықтар.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыЖұмыс берушілер ЖОО-на қоятын талаптарын айқындады
03.07.2026, 17:35
Ғылым мен білім – ел дамуының негізі
03.07.2026, 17:33
Конституциялық реформалар ҮЕҰ жұмысына серпін береді
03.07.2026, 17:30
Халықтық Конституция әр азаматтың мүддесіне қызмет етеді
03.07.2026, 17:27
Халықтық Конституция – құқықтық мемлекеттің тірегі
03.07.2026, 17:25
Астанада жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды
03.07.2026, 17:22