Несиесін төлей алмай жүрген қазақстандықтардың қарызы кешірілді
Несиесін төлей алмай жүрген 302 адам «банкрот» деп танылды. Олардың жалпы берешегі 708 млн теңгеден асады. Яғни, орта есеппен әрқайсысы банкке 2 млн 300 мыңдай қарыз. «Бірінші кредиттік бюро» орталығының дерегінше, ең көп қарыз көлемі – 106 млн теңге. Өтініш Алматылық тұрғыннан түскен. Ал ең аз мөлшердегі қарыз Қарағанды облысының тұрғынына тиесілі. Оның 48 мың теңгесі кешірілді.
Жалпы барлық өңірде «банкрот» деп танылған азаматтар бар. Қарызы кешірілгендердің көбі – Алматы қаласынан. Одан кейін Қарағанды, Алматы облысы тұрғындарының өтініші көбірек мақұлданған. «Банкрот» деп танылғандардың ең үлкені – 64 жаста. Ең жасы – 23-те. Жалпы осы күнге дейін 65 мыңға жуық адам банкроттыққа өтініш тастаған. Оның 50 мыңнан астамының өтініші кері қайтарылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
06.05.2026, 20:56
Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
06.05.2026, 20:54
Шоқан – қазақ ғылымының бетке ұстары
06.05.2026, 20:53
Ерлік пен Патриоттық егіз ұғым
06.05.2026, 20:48
«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
06.05.2026, 20:46
Әкелер арасында волейболдан жарыс өтті
06.05.2026, 20:45
Мәйіттік ағза донорлығы адам өмірін сақтап қалуда
06.05.2026, 20:22
«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
06.05.2026, 20:18