Қосшы қаласында заманауи мектеп-гимназия қолданысқа берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қосшы қаласында заманауи мектеп-гимназия қолданысқа берілді

01.09.2023

Жаңа оқу жылы Қосшы қаласының оқушылары үшін жағымды жаңалықпен басталды. Білім күні қалада Қазақстанда баламасы жоқ 1500 балаға арналған заманауи мектеп-гимназия қолданысқа берілді. Осының арқасында Қосшыда үш ауысымды білім беру мәселесі шешімін тауып отыр.

Аумағы 17 мың шаршы метрді құрайтын оқу ордасы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған еліміздегі алғашқы мектеп. Құрылысы толығымен инвестордың қаражатына жүргізілген оқу ордасы екі тілде білім береді. Гимназияда интерактивтік кеңістікке ерекше мән берілген. Мектеп заманауи виртуалды сыныптармен, ғылыми зертханалармен жабдықталған. Айта кетелік, Қосшы қаласында биыл мектепке барған балалардың саны 11 мыңға жуықтап отыр. Оның 1300-і мектеп табалдырығын алғаш аттады.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Биыл жылдың аяғына дейін жалғастырмақшы. Жалпы, біз бағытталып отыр. Биылғы жылдың аяғына дейін 154 мектеп беріледі деп күтілуде. Оның 34-і 1 қыркүйекте есігін айқара ашып отыр. 55 мың бала жаңа мектепте білім алады.Біз барлық мектептерді осындай заманауи үлгіде салуды жоспарлап отырмыз. Жайл мектептің өзі осыған бағытталып отыр.
Мемлекетшіл азаматтардың осындай мектепті өз қаражатын салып, мемлекетке тапсыруы осындай үш ауысым мәселесін жойуға үлес қосып отыр.

Хабарламаларға жазылу