Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында жаңа мектеп-интернат ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында жаңа мектеп-интернат ашылды

29.12.2014
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында жаңа мектеп-интернат ашылды

Зайсан қаласында жаңа мектеп-интернат салу үшін республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.

600 орындық мектеп толықтай заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Үлкен спорт залы мен асхана бар. Енді мектепте білім сапасын одан әрі арттыру ғана міндеті тұр.

Биыл Шығыс Қазақстанда жаңадан 20 мектеп ашылды. Апаттық жағдайда тұрған ескі мектептердің орнына ауданда 8 жаңа білім ордасы салынып, пайдалануға берілді.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу