Шымкентте 500 орындық студенттер жатақханасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 500 орындық студенттер жатақханасы ашылды

31.08.2023

Шымкент қаласында 500 орынға лайықталған студенттер жатақханасы ашылды. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған міндеттерге сай мемлекеттік-жекеменшік әріпестік аясында салынды. Қонақүй үлгісіндегі студенттер үйі жеті қабаттан тұрады. 160 жатын бөлме бар. Әр бөлмеде жуынатын орын, санитарлық торап жеке жабдықталған. Студенттерге ыңғайлы болу үшін әр қабатта ас дайындайтын, кір жуатын бөлмелер орналастырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйесі де орнатылған. Бүгінгі таңда мегаполисте 8 жоғары оқу орын бар. Онда 94 мыңнан астам жас білім алады.

Әйкен Сәтбаева, студент:

Замануи талаптарға сәйкес бұл жер. Сондықтан ұнайды. Оқуға, демалуға ыңғайлы етіп жасалған. Оқу ордамызға жақын орналасқан. Студенттер үйі болашақта жастардың екінші үйіне, ыстық ұясына айналатыны сөзсіз.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу