Атырауда 200 орындық студенттер жатақханасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 200 орындық студенттер жатақханасы ашылды

13.12.2021

Атырауда 200 орындық жатақхана ашылды. Заманауи нысан өңірдегі жоғары медициналық колледж студенттеріне тарту етілді.

74 жылдық тарихы бар оқу орнында бұған дейін жатақхана болмады. Қазір білім алып жатқан 1365 студенттің 800-ден астамы - аудан, ауылдан келген жастар. Бес қабатты нысан колледж студенттерінің сұранысын 90 пайызын қамтиды.

Ғимарат соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақталған. Мұнда алғашқы медициналық көмек көрсету, тәрбие бөлмелері, фитнес зал, оқу, мәжіліс залдары, асхана, әр қатарда демалу бөлмесі қарастырылған.

Жандос Темірғали


Атырау

Хабарламаларға жазылу