Конституция күнімен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі құттықтады
Адам мен оның өмірі, құқығы мен бостандығы – мемлекетіміздің басты құндылығы болып саналады. Бұл Ата заңда бекітілген басты қағида. Осы ұстанымдар мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің алғышарты, берекелі елдің берік негізі. Басты құжат – қоғамдағы тұрақтылық пен сенімнің кепілі. Еуропалық Одақ өкілдері Ата Заңымыздағы маңызды принциптерді атап өтіп, қазақстандықтарды алдағы Конституция күнімен құттықтады.
Кестутис Янкаускас, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі:
Қазақстандағы Конституция күні – елдің басты мерекелерінің бірі. Мен барлық қазақстандықтарды осынау маңызды күнмен, ерекше мерекемен құттықтаймын. Ата Заңның бірінші бабының өзінде Қазақстанның – демократиялы, зайырлы, құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет екені тайға таңба басқандай жазылған. Ал адамның құқығы мен бостандығы басты құндылық ретінде көрсетілген. Бұл өте маңызды және оны бағалай білу керек. Еуроодақ та бұл құндылықтарға басымдық беріп, Қазақстанды өз әріптесі ретінде таниды. Сондай-ақ, Қазақстанның гүлденуі мен Тәуелсіздігін бекем ету жолында бірлесе жұмыс атқаруға дайын.
Қуандық Танабас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атыраулық өнерпаздар Париждегі байқауда жеңді
02.04.2026, 17:35
Астанада ерекше балалар концерт берді
02.04.2026, 17:33
Павлодар мен Қарағандыда «Таза бейсенбілік» өтті
02.04.2026, 17:30
Павлодарлық оқушы Google грантын иеленді
02.04.2026, 17:29
Қазақстан халқы 20 миллион 500 мыңнан асты
02.04.2026, 17:26
Ақтөбе қаласының халқы 600 мыңға жетті
02.04.2026, 17:23
Семей полициясына 137 қызметтік көлік берілді
02.04.2026, 17:20
ШҚО Зайсан ауданында 64 отбасы мемлекеттен үй алды
02.04.2026, 17:18