Қазақ-қырғыз шекарасында көлік кептелісі сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-қырғыз шекарасында көлік кептелісі сейілді

28.08.2023

Қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Көлік кептелісі жоқ екенін де мәлімдеді. Қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты Өзбекстанмен шекарадағы бірнеше өткізу бекеттерінде кептеліс бар. Мұндай жағдай Ресеймен шекарада да байқалды. Жалпы шекара пункттерінде қандай да қосымша шектеу шаралары енгізілмегені жазылған.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу