Үндістанда пиротехника зауытында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда пиротехника зауытында жарылыс болды

28.08.2023

Үндістанда заңсыз жұмыс істеген пиротехника зауытында жарылыс болды. Апаттан 7 адам қаза тапқан. Жараланғандар да бар. Оқиға Батыс Бенгалия штатындағы аудандардың бірінде болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, пиротехника фабрикасы екі қабатты тұрғын үйде жасырын жұмыс істеген. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, одан іргелес ғимараттарға зақым келді.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу