Үндістанда жарылыстан 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда жарылыстан 6 адам қаза тапты

13.06.2014
Үндістанда жарылыстан 6 адам қаза тапты
Үндістанда  болат балқыту зауытында газ тарағаннан кейін жарылыс болып, 6 адам қаза тапты. Ал, жараланғандардың саны 30-дан асып отыр. Олар дереу жақын маңдағы госпитальге жеткізілді. 
 
Қайғылы оқиға Чхаттисгарх  штатында бейсенбі күні болған.
 
Апаттың себебі  белгісіз. Әзірге штат басшылығы да, компания өкілдері де  жарылысқа қатысты ешқандай түсініктеме бермей отыр.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу