Талдықорғанда арматура зауытында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда арматура зауытында жарылыс болды

29.06.2021

Талдықорғанда арматура зауытында оқ дәрі жарылды. Оқыс оқиғадан 3 адам әртүрлі дене жарақатын алған. 

Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Қайырлы күн Армангүл. Біз қазір жарылыс болған арматура зауытының алдында тұрмыз. Кәсіпорын жұмысы уақытша тоқтатылды. Ал осы жерде жарақат алған азаматтың бірі үйіне қайтарылса, екіншісі травмотология бөліміне жатқызылды. Ал үшіншісіне шұғыл түрде бауырына операция жасалды.
Нұрлан Аенов, қалалық көпсалалы аурухана дәрігері:
Жарылуға байланысты рентгенге түсіргенде бірден бөгде зат ішінде көрініп тұр. Бауыр зақымданғаннан кейін іш құрылысын, қан - бәрін тазалап, дренаждарын қойып, бауыр тігіліп, бүйрегін алуға тура келді.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Мамандардың айтуынша бұл жерге жарылғыш заттар Арыс қаласынан әкелінуі мүмкін деген болжам бар. 

Хабарламаларға жазылу