Ресейде ұшақ апатынан 10 адам қаза тапты: Бортта Евгений Пригожин болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде ұшақ апатынан 10 адам қаза тапты: Бортта Евгений Пригожин болған

24.08.2023

Ресейдің Тверь облысында «Вагнердің» негізін қалаушы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақ құлады. Оның бортында болған 10 адамның барлығы - 7 жолаушы мен үш экипаж мүшесі қаза тапқан. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Росавиация таратқан тізімге сай, әуе кемесінің бортында Пригожинмен бірге оның серіктесі, Дмитрий Уткин мен осы топтың жауынгерлері болған. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу