Медициналық мекемелерге 629 миллион теңге айыппұл салынды
Жыл басынан бері Алматыда 95 мың медициналық қызмет түрлі кемшіліктермен көрсетілген. Мәселен, дәрігерлер емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқыған. Сондай-ақ медициналық құжаттарды дұрыс толтырмай, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарды жіберген. Тіпті, 10 миллион теңгеге «көрсетілді» деп жазылған көмектің шын мәнінде көрсетілгенін растай алмаған клиникалар да бар болып шықты.
Медициналық сақтандыру қоры талапқа сай жұмыс істемеген мекемелерге 629 миллион теңге айыппұл салды. Қор мамандары стационарлар медициналық қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда бірден хабарлауды сұрады.
Тілеухан Әбілдаев, Медициналық сақтандыру қоры алматы қалалық филиалының директоры:
Егер пациентке қажетті көмек көрсетуден бас тартылса, онда олар әр медициналық ұйымда құрылған пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіне алады. Егер мұнымен де мәселе шешілмесе, онда азамат 1414 бірыңғай байланыс орталығына немесе медсақтандыру қорының арнайы сайтына жүгінуі керек. Содан кейін қор мамандары сұрақты шешуге кіріседі. Бір нәрсені ескеру керек, шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда емделушінің медсақтандырудан өткені маңызды емес. Ал егер жоспарлы ем-дом болса, диагностикалық тексерулерді күту мерзімі 10 күннен аспауы тиіс.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35