Мәжіліс депутаттары Түркістан жастарымен кездесті
Мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсенбаев пен Қайрат Балабиев Түркістан қаласына жұмыс сапарымен барды. Олар алдымен шаһардағы «Қуаныш» базарына аялдап, азық-түлік бағасымен танысты. Саудагерлердің сан алуан сұрақтарына жауап берді. Кәсіпкерлер берілетін несие пайызының жоғары екендігін айтып, мемлекеттен жеңілдік болса деген тілектерін жеткізді.
Мәжілісмендер Фараб кітапханасында жергілікті жастармен кездесті. Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заң жобаларын таныстырды.
Сапар Түркістан темір жол вокзалында түйінделді. Ондағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Өткен ғасырдың басында пайдалануға берілген нысан әбден тозған. Көненің көзіндей болған ғимараттың бүгінгі жай-күйі депутаттарды да бейжай қалдырмады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау облысындағы Құрманғазы бекетін жаңғырта бастады
09.09.2026, 13:21
Павлодарда қос азаматтықпен жүрген 27 адам анықталды
09.09.2026, 13:18
Отбасы үшін басты қолдау – баспана алуға көмек
09.09.2026, 13:15
Психологтардың мемлекеттік тізімі жасақталады
09.09.2026, 13:12
12 ел Израиль қоныстарына санкция салды
09.09.2026, 13:09
Иран мен АҚШ бірін-бірі тағы атқылады
09.09.2026, 13:06
Ұлттық қордан ірі жобаларға қаржы бөлінеді
09.09.2026, 13:03
Аймақтағы ең ірі қаржы форумы өтіп жатыр
09.09.2026, 13:00