Парламент Мәжілісінің спикері, «Аmаnат» төрағасы Ерлан Қошанов партияның hеспубликалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады. Еліміздің әр өңірнен келген тұрғындар инфрақұрылымды дамыту, таза ауызсумен қамтамасыз ету, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау сияқты мәселелерді көтерді.
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласының 40 мың тұрғыны атынан хабарласқан бір топ азамат Осинов асуын айналып өтетін жаңа жол салу жайын көтерді. Онда жыл сайын мыңдаған турист келеді. Ерлан Қошанов партия филиалына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және облыс әкімдігімен бірлесіп, жол құрылысына қажетті барлық жер телімін беру мәселесін тез арада шешуді тапсырды. Сондай-ақ қажетті қаражатты бөлуді жеделдету керек екенін айтты.
Ал Ақтау қаласынан келген ерлі-зайыпты мүмкіндігі шектеулі азаматтар кәсіпкерлікпен айналысып, сауда павильонын ашуға көмек сұрай келген. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жан-жақты қолдаймыз, деген партия төрағасы тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді.
Ақмола облысы Шортанды кентінің халқы ауыз су тапшылығын өткір сезініп отыр. «Аmаnат» партиясы бұл мәселе толыққанды шешілгенге дейін өз бақылауына алмақ. Ерлан Қошанов барлық қаралған өтініш бойынша партия филиалдарына нақты тапсырмалар беріп, олардың шешілуін жеке қадағалайтынын жеткізді.
Асылбек Данияр