Президент керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты

22.08.2023

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға сапары бүгін де жалғасты. Екі елдің президенттері керамика бұйымдарын шығаратын орынға барды. Хайзыонг провинциясында орналасқан шағын ауылдың Чу Дао деп аталуы бекер емес. Чу Дао - XII ғасырдан бастау алатын керамика бұйымдарын дайындаудың көне вьетнамдық әдісі. Бұл қолөнер XIV-XV ғасырларда дамып, XVII ғасырда жоғалып кеткен. Алайда 2001 жылы Ханой сауда корпорациясы ежелгі қолөнерді қайта жаңғыртты. Қазір бұл жер туристер көп келетін орынға айналды.

Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты. Кейін президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасап көрді. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу