Сенегал президенті Маки Салл Павлодардағы Қазақстан электролиз зауытына барды
Сенегал Республикасының Президенті Маки Салл Павлодар қаласындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-на барды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі. Мәртебелі мейманды облыс әкімі Болат Бақауов пен «ERGS.a.r.l» басқарма төрағасы Александр Машкевич, алюминий және электролиз зауытының басшылары күтіп алды.
Сенегал басшысы Қазақстанда «қанатты» метал шығаратын алғашқы кәсіпорында өндірістің технологиялық процесімен танысты. Цех жұмысымен танысқаннан кейін Маки Салл мен А.Машкевич кәсіпорын металлургтері саяжолында көшет отырғызды.
Айта кету керек, мұнда ҚЭЗ-дың еңбек және Ауған соғысы ардагерлері, жастар кеңесі, сондай-ақ, зауыттың барлық бөлімшелері отырғызған ағаштар жайқалып тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12
Жыл бойы жұмыс істейтін тынығу лагері ашылды
16.05.2026, 20:10
Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Жарлыққа қол қойды
16.05.2026, 20:09
Ауыл балаларына арналған заманауи технологиялық орталық ашылды
16.05.2026, 20:08
LRT алғашқы жолаушыларын тасымалдады
16.05.2026, 20:08
Қызылордада 600 отбасы баспаналы болды
16.05.2026, 20:04
Қазақстан инвестицияны көбірек тартуға ниетті
16.05.2026, 20:03