Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентімен кездесті

29.09.2023

Президенттің Германияға сапары жалғасып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевты Bellevue резиденциясында Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер қарсы алды.

Тараптар Германия Президентінің таяуда Қазақстанға жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды. Атап айтқанда, энергетика, транзит, логистика, пайдалы қазбаларды игеру, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және цифрландыру секілді ынтымақтастықтың басым бағыттарына қатысты бірлескен жұмыстарды талқылады. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сондай-ақ екі елдің ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы қатынастарды нығайту мәселесіне де мән берілді.

Мемлекет басшысы Германия Президентінің резиденциясында Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырды.


Хабарламаларға жазылу