Қарағандыдағы апаттың себептерін арнайы комиссия жан-жақты тексереді
Апаттың себептерін арнайы комиссия жан-жақты тексеретін болады. Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлімдеді. Өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев температураның жоғары болып, шахтаны түтін басуынан және өндіріс орнының қол жетімсіздігіне байланысты өрт ошағы әлі де оқшауланбады, дейді. Өртті шахтаның өзге жағынан сөндіру шаралары жүріп жатыр. Ал, Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары апат салдарынан 13 адам зардап шеккенін жеткізді. Тоғызы улы газдан уланған. Екі кенші жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған. Тағы төрт адам Шахтинск ауруханасында. Екі адам амбулаториялық, тағы екі адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Үкімет басшысы зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, деді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup 2026 кестесі
02.07.2026, 20:30
Халықтық Конституция - тұрақты дамудың кепілі
02.07.2026, 20:16
Ізгілік акциясы: Кімдерге рақымшылық жасалады?
02.07.2026, 20:15
Борышкерлерге барлық қарыз үшін бір төлем кестесі жасалады
02.07.2026, 20:07
Әлем жаңалықтарына шолу
02.07.2026, 20:05
Президент бірқатар кездесу өткізді
02.07.2026, 20:05
Инвесторлар серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі
02.07.2026, 20:05
Global Businesswomen Council ұйымының IV отырысы өтті
02.07.2026, 20:03