«Халық» қоры Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жобаларға 4 млрд теңге бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Халық» қоры Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жобаларға 4 млрд теңге бөлді

18.08.2023

«Халық» қорынан Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жобаларға 4 млрд теңгеден астам қаражат беріледі. Ол ақша негізіген аймақтағы бірқатар әдеуметтік нысандар салуға жұмсалады деп жоспарланған.

Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Халық» жеке қайырымдылық қоры 4 млрд теңгеден астам сомаға ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қаражат Жаңаөзенде дене шынықтыру-сауықтыру орталығы мен 20 спорт алаңын салуға, Бейнеудегі астық терминалының жұмысын қалпына келтіруге және жаңғыртуға, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында тәулігіне 4000 текше метр суды тазарта алатын зауыт салуға бағытталады.

Нариман Әбілшайықов, «Халық» жеке қайырымдылық қорының атқарушы директоры:

Аталмыш әлеуметтік жобаны «Халық» қоры толығымен қолдап отыр. Осы үш күн бойы сіздер көріп жатсыздар. Көптеген мемарандумға қол қойылды.

Спорт алаңдарына келер болсақ, қазір әкімдік оны құруға 20 учаскені таңдады. Құрылыс жұмыстары Жаңаөзеннің 55 жылдығына орай аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, «Халық» қоры Бейнеу ауданындағы астық терминалын жаңғыртуға ақша бөледі. Компанияның белгілі бір қарыздарына байланысты бұл мекеменің жұмысы 5 жыл бойы тоқтап тұрған.

Жалғас Теміров, Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары:

170-200 адамдай жұмыспен қамтиды. Екіншіден, қазір енді өңірімізде 2-3 жылдан бері қуаңшылық болып тұрғаны белгілі. Қазірдің өзінде жемнің өзін Солтүстік Қазақстаннан тасып отырмыз. Ал бұл зауыт іске қосылса, жергілікті халықта мәселе болмайды.

2016 жылы құрылған «Халық» жеке қайырымдылық қоры қазақстандықтарға тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді. Қор 45 миллиард теңгеден астам сомаға қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын іске асырған.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу