Маңғыстауда «МАЭК» энерго комбинатында болған апаттан тұрғындар зардап шеккен жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда «МАЭК» энерго комбинатында болған апаттан тұрғындар зардап шеккен жоқ

04.07.2023

Маңғыстауда «МАЭК» энерго комбинатында болған апаттан тұрғындар зардап шеккен жоқ. Алайда, ірі өндірістік компаниялар экономикалық шығынға ұшырады.

Бұл жөнінде апат орнына барған аймақ басшысы мәлімдеді. Облыстық деңгейде құрылған комиссия мүшелері орталық диспетчерлік пункттің, электр генерациялайтын орталықтың жұмысымен танысып, кеше апатты жағдайда тоқтатылған электр станциясын көрді. Қазір №1 энергия блогын салқындатып жатыр. Мамандар жөндеу жұмыстарын бүгін түнгі сағат 12 де бастауды жоспарлап отыр.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

Үкімет МАЭК мекемесінде тәулігіне 24 мың текше метр су дайындайтын қондырғы салу үшін, құны 28 млрд теңге болатын соның биыл 10 млрд теңгесін бөлді. Тұрақты жұмыс жасау үшін, күрделі және ағымдағы жөндеулерді өткізу мақсатында, облыстық бюджеттен резервтен 2 млрд 600 млн теңге бөлдік.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу