Ақмола облысында 264 гектар жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 264 гектар жер мемлекетке қайтарылды

17.08.2023

Ақмола облысының Ақкөл ауданында құны 1 миллиард 600 миллион теңге болатын жер телімі мемлекетке қайтарылды. Аумағы 264 гектарды алып жатқан жер учаскесі бастапқыда сауықтыру, туристік және спорттық мақсатта орман қорына пайдалануға берілген. Алайда, кәсіпкерлер оны кәдеге жаратпай, жалға алу ақысын 5 жыл бойы төлемеген. Онымен қоймай бос жатқан жерде орман өртінің алдын алу шаралары да жүргізілмеген болып шықты.


Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу